Жетсу облысы білім басқармасының
«Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(7282)24-66-13
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8(7282)24-66-13
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » Тіл мерекесіне арналған вебинар
30
сентябрь
2020

Тіл мерекесіне арналған вебинар

Тілдің шеберлігін, құдіретін дана Абайдан артық айтып жеткізу мүмкін емес шығар. «Кестенің бізі, өткірдің жүзі, өрнегін сендей сала алмас» деп ұлы ақын толғауы тоқсан қызыл тілдің бағасын дәл берген. Ұлттың негізгі бет бейнесінің өзі тіл. Тілсіз ұлт болмайды. Тілі құрыған ұлттың өзі де құриды. Оны талай арыстарымыз тайға таңба басқандай қылып жазып та, айтып та кетті. Сондықтан болар ұлтын сүйген кез келген жан тіл мәселесіне келгенде немқұрайлы емес. Тілдің де тағдыры болады. Оның тағдыры ұлттың өз қолында. Бағасын біліп әспеттесе, тілдің маңдайы ашық, бағы бес елі болары сөзсіз.
Тілімізді дамыту үшін елімізде қаншама игілікті істер атқарылып жатыр. Соның бірі лицейімізде «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ZOOM платформасында өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Ш.Балтабаева шараның негізгі мақсатымен таныстырды. Мақсаты -мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтіп, көркем әдебиетті насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, шеберлігін арттыру, дамыту. Байқауға 6-7 сынып оқушылары қатысты. Байқау барысында оқушылар өлең оқу шеберліктерін ортаға салды.
Тіл дамытуға байланысты өтіп жатқан әрбір шараның маңызы өте зор. Бұндай игі істер қаншама жастың өнерін шындап, болашағына жол ашады. Тіліміздің көркемдігі мен қасиетін, байлығы мен мол мұрасын паш етіп жұртшылық жүрегіне ұялата түседі.

Похожие публикации:

17 апрель 2019 Лицей тарихы
17 апрель 2019 ҰБТ
17 апрель 2019 Лицей тарихы