Жетсу облысы білім басқармасының
«Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(7282)24-66-13
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8(7282)24-66-13
Нашар көрушілір
нұсқасы
» » » «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы
11
ноябрь
2019

«Үздік авторлық бағдарлама» республикалық конкурсы

           «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді.  Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам» десе, қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады.

            Қазіргі таңда өз бетінше шешім қабылдай алатын және олардың іске асырылуына өз бетінше жауап бере алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға деген сұраныс арттып отыр. Жаңашылдықты тәжірибеде іске асыру кезінде педагог негізгі тұлға болып табылады. Әр түрлі инновацияларды табысты енгізу үшін, оның алдына қойылған міндеттерді жаңа жағдайларда іске асыру үшін педагог кәсіби құзыреттілік пен кәсіпқойлыққа қажетті деңгейіне ие болуы тиіс.

      «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2019 жылдың 9-11 қараша күндері Алматы қаласындағы «Алтын Қарғалы» шипажайы базасында ұйымдастырған  «Үздік авторлық бағдарлама»  республикалық конкурсында №20 ДБАЛ- нің  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Анаятова Зульфия Данияровна  І орынды иеленсе,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амирова Алия Қыдырханқызы  ІІІ жүлделі орынды қанжығалады. 

        Педагог түрлі кәсіби конкурстарға қатысу арқылы, инновациялық технологияларды практикаға енгізу және жұмыстың ең тиімді тәсілдерін іздеу тәжірибесіне ие болады, басқа педагогтермен тәжірибе алмаса отырып, өз педагогикалық табыстары мен жетістіктерімен бөлісуіне мүмкіндік береді. Өз педагогикалық шеберліктерін арттыруға, басқа оқытушылардың жұмыс тәжірибесімен танысуға ниеті бар  ұстаздарымызды  мақтан тұтамыз!



 


Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив