Жетсу облысы білім басқармасының
«Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(7282)24-66-13
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8(7282)24-66-13
Нашар көрушілір
нұсқасы
30
сентябрь
2020

Тілдарын олимпиадасы

Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейінде «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында үш тілді жетік білетін 8-10 сыныптар арасында«Тілдарын» лицейішілік олимпиадасы ZOOM платформасымен өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: жастардың арасында мемлекеттік тіл саясатын кеңінен насихаттау және дарынды жастарға жан-жақты қолдау көрсету, жастардың қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуін ынталандыру.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Садыбаева оқушыларға олимпиада шарттарымен таныстырды.
Олипиадаға қатысушылар үш кезең бойынша сайысқа түсті:
1.Таңдаған тақырыбы бойынша «тұсаукесер» (презентация);
2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;
3. Берілген мәтін бойынша ілеспе аударма жасау.
Олимпиадаға қатысушылар әр кезеңнің тапсырмасын үш тілде: қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде орындады. Қазылар алқасы қатысушылардың жазбаша орындаған жұмыстарын тексеріп, ауызша жауаптарын тыңдады.
І орынды 9а сынбынан Мақсатқызы Ақниет
ІІ орынды 9б сыныбынан Молодцова Настя, 10а сыныбынан Дәрібай Динара
ІІІ орынды 9б сыныбынан Наурызбай Айгерім, 8а сыныбынан Саматова Амина иеленді.
Тіл білу – басқа адамдардан ерекшелігің, өз ортаңдағы артықшылығың. Тіл білу – өнер. Оны білу үшін адамда, ең алдымен, қызығушылық, алдына қойылған айқын мақсат керек. Кез келген іс адамды еңбекқор болуға тәрбиелейді. Бізге тек қана жақсы жағынан көмек береді.
Бір емес бірнеше тіл білу – сендердің жадыларыңның қалыпты екендігінің дәлелі.

Похожие публикации:

17 апрель 2019 Лицей тарихы
17 апрель 2019 ҰБТ
17 апрель 2019 Лицей тарихы
05 апрель 2019 ҰБТ