Жетсу облысы білім басқармасының
«Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(7282)24-66-13
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8(7282)24-66-13
Нашар көрушілір
нұсқасы
17
апрель
2019

Лицей тарихы

«Жетісу облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Талдықорған қаласындағы «№20 мамандандырылған лицейі» 
КММ



1991 жылдың 20 маусымында «Ақпараттық-коммерциялық техникалық лицейі» халық депутаттарының және Талдықорған қалалық Кеңесі атқарушы комитетінің №14-1093 шешіміне сәйкес құрылған болатын. Ақпараттық-техникалық лицейдің аталуы «№20 техникалық лицей (тіркеу нөмірі 1117-1922-У-Е) болып өзгертілуіне байланысты Талдықорған облыстық Әділет басқармасы 1996 жылғы14 қарашада мекемені мемлекеттік тіркеуден қайта өткізді. №20 мектеп-лицей 1991 жылы Талдықорған қаласындағы компьютер орталығының базасында ашылды. 

Алғашқы рет №20 АТМЛ (Ақпараттық-техникалық мектеп-лицейі) директорлығына М.К.Шингарева сайланды. 

Лицейге бастапқыда 2 сынып: 10-11-сыныптар ғана жинақталған болатын. 

1992-1993 оқу жылында 10-сыныптардан 3 сынып жинақталды. 

Лицейге жоғары теориялық және практикалық білімі бар білікті, тәжірибелі мұғалімдер шақырылды, олар: М.В.Урих, М.А.Власова, Л.А.Заржевская, А.Қ.Қожахметова, Л.В.Пешкова, А.К.Санабаева. 

1992 жылы лицейдің директоры ретінде І.Жансүгіров атындағы Талдықорған педагогикалық институттың физика пәні мұғалімі К.А.Құлтасов тағайындалды. 

К.А.Құлтасов ғылыми жобалармен жұмыс жүргізе алатын қабілетті оқушыларды анықтады. Жоғарғы оқу орындарының ғалымдарымен бірлесе жұмыс істеудің нәтижесінде лицейде кіші ғылым академиясының филиалын (КҒА) ашты. 

Алғашқы жобаны 11Б сынып оқушысы Қасымов Тимур қорғаған еді. 

1993-1994 оқу жылынан бастап лицейде 8-сыныптан және қазақ сыныптарына оқушы қабылданды. 

1996-2005 жылдар аралығында лицейде Э.Ю.Шин директор болды. 

Эдуард Юрьевич лицейдегі дарынды балалармен жұмысты жоғары деңгейге көтерді. КҒА-ның аймақтық филиалының жетекшісі болуымен қатар, ол Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындарымен лицейдің арасында байланыс орнатты. Э.Ю.Шин басшылық еткен жылдары оқушылар математика пәні бойынша халықаралық олимпиадаларға қатыса бастады. Математикалық академияның жетекшісі – жоғары санатты математика пәннің мұғалімі О.В. Пак болды. 

1997-2005 жылдар аралығында 54 оқушы халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға жүлделі орындарымен лицейдің тасын өрге домалатып, беделін асырды. 

2001 жылы Астана қаласында «Дарын» РҒПО «Олимпиада резервін дайындауда үздік мектеп» деп танылған №20 мектеп-лицей 10 жылдық мерей тойын кең көлемде үлкен абыроймен атап өтті. 

2005 жылдан бастап лицей директоры болып Гүляйым Қабидолдақызы Байжикенова тағайындалды. 

2008 жылы Алматы облыстық Әкімінің Қаулысымен «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын №20 арнаулы лицейі» мәртебесін алды.  

2009 жылы «2009 жылдың үздік мектебі» атағын жеңіп алды.

2009 жылы «Республикадағы ең үздік жаңашыл мектеп» атағына ие болды.

2010-2014 жылдар аралығында лицейді Бағдагүл Сайфуллақызы басқарды.

2014 жылдан бастап лицей ұжымын Салима Бекентайқызы  Мамлеева басқарып келеді.

2013 жылы «Ең үздік  білім беру мекемесі» атты облыс әкімінің грантын жеңіп алды (13 900 000 тенге)

2014 жылы «Үздік білім мекемесі» қала әкімінің марапаттауына ие болды. (Сертификат 500 000 тенге)

2015 жылы республика бойынша қашықтық олимпиададан 1-орынды иеленді ( «Дарын» РҒПО Кубогі).

Бүгінгі лицей олимпиадалық резервті дайындаудың шеберханасы іспетті. 

Лицейдің өзекті мәселесі:

Креативті дүниетанымы бар, қазіргі заманға қажет тілдерді меңгерген, білімге ынтасы жоғары, жан-жақты мәдениетті тұлғаны оқыту және тәрбиелеу.

Мақсаты:

Қазіргі заманға қажет тілдерді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарын өзі айқындауға бейім, жан-жақты мәдениетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту.

       «Дарын» РҒПО 10 жылдығына арналған медальмен марапатталғандар -2;

       2006, 2007, 2008 жылдары «Республикалық ең үздік олимпиадалық мектеп» атағы берілді.

1991-2015 жылдар аралығындағы жеңімпаздар: 

«Алтын белгі»-53

Қалалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары-976

Облыстық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары- 634

Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары –141

Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары-254

Ұлттық бірыңғай тестлеуден түлектеріміз орташа 116, 111, 107, 102 балл алып келеді.

Жылда лицей түлектері Қазақстан мен шет елдегі жоғары оқу орындарына 100% оқуға түседі. 

Бейінді пәндерді тереңдетіп оқытуда үш тілде меңгеруді қамтамасыз ететін  оқу үрдісінде оқушылардың дарындылығы мен қабілеттерін дамытуға және мұғалімнің үздік педагогикалық шеберлігін арттыру барысында  лицейде барлық  жағдай қарастырылған.

Лицейде жаратылыстану-математика пәндерін тереңдетіп оқыту жүзеге асады. Осыған орай, математика, биология, география  пәндері ағылшын тілінде оқытылады. 

Көп білім беру жұмысының қорытындысы - еліміздің алдыңғы қатарлы ЖОО - Гумилев атындағы ЕҰУ, КИМЭП, КБТУ, Назарбаев университеті, Халықаралық бизнес академиясы, Абылайхан атындағы ҚазУМОиМЯ, Ақпараттық технологиялар халықаралық академиясында ағылшын тілінде оқитын және шет  елдерде, Ресей, Қытай, Чехия, АҚШ, Канада, Англия, Сингапурда білім алып жүрген  біздің түлектеріміз.

Лицей ұстаздарының жетістіктері:

География пәнінің мұғалімі Айтхан Солтановна Абдрахманова  республикалық авторлық бағдарлама конкурсының жеңімпазы (ІІІ дәрежелі Диплом)

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гульнар Ахметкановна Айтжанова республикалық авторлық бағдарлама конкурсының жеңімпазы (Мақтау грамотасы)

2012 жылы тарих пәні мұғалімі Гульмира Корганбековна Жуаспаева облыстық «Жыл мұғілімі» конкурсында гран-при жеңімпазы.

2012 жылы информатика пәнінің мұғалімі Серікжан Адильжанович Карсаков облыстық «Үздік сайт» конкурсының бас жүлдесін иеленді.

2013 жылы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Күлімхан Қасенқызы Түндебаева республикалық «Үздік педагог» конкурсында 1700000 тенге сыйақы және «Үздік педагог» атағына ие болды.

2013 жылы информатика пәнінің мұғалімі Серікжан Адильжанович Карсаков республикалық «Дарынды балаларға- талантты ұстаз» атты педагогикалық олимпиадасында ІІ орынды жеңіп алды.

2013 жылы информатика ағылшын тіліде пәнінің мұғалімі Юлия Александровна Кузнецова  І республикалық «Жаңа мектепке-жаңашыл ұстаз» атты сайысының қатысушысы. 

2014 жылы ағылшын тілі пәнінің  мұғалімі Зульфия Данияровна Анаятова ҮІІ Республикалық нновациялық педагогикалық идеялар фестивалінде ІІІ дәрежелі Дипломды жеңіп алды.

2014 жылы лицей психологі Гульнар Дуйсебаевна  Такишева ҮІІ Республикалық нновациялық педагогикалық идеялар фестивалінде ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

2014 жылы бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Балжан Тұрсынғалиқызы Баймурзинова халықаралық «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» атты конкурсында ІІІ орынды жеңіп алды.

2015 жылы тарих пәні мұғалімі  Гүлфия Нұрмұратқызы Баянбаева облыстық «Үздік педагог» конкурсының бас жүлде иегері атанды.

2015 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Үміт Төлендіқызы Анисова облыстық «Жыл мұғалімі» конкурсының ІІІ  дәрежелі Диплом жеңімпазы атанды.

2015 жылы тарих пәні мұғалімі  Гүлфия Нұрмұратқызы Баянбаева республикалық «Үздік авторлық бағдарлама»   конкурсында  І орынды жеңіп алды.

Жас дарындардың алғашқы қадамдары:

Хаджимуратов Нұрсұлтан- математикадан Халықаралық Жаутыков атындағы, Балкан халықаралық, халықаралық Батыс Қытай олимпиадасының алтын медаль иегері.

Сатылханов Қанат - математикадан Халықаралық Жаутыков атындағы, Балкан халықаралық, халықаралық Батыс Қытай күміс медаль, Азия Тыңық мұхиттық олимпиадасының  алтын медаль иегері.

Тишин Антон – информатика пәнінен  Халықаралық Жаутыков атындағы , І Еуразиялық олимпиадасының қола медаль жүлдегері.

Дуспаев Алишер - Халықаралық Жаутыков атындағы физика пәнінен қола  медалін жеңіп алды.

Акперов Нурлан - Халықаралық Жаутыков атындағы физика пәнінен қола медалін жеңіп алды.

Қабыкенов Диас – Халықаралық Президенттік олимпиадасын алтын медаль жүлдегері.