16
сентябрь
2024
Мектеп оқушылары «Әскери даңқ» мұражайымен танысты
2024 жылдың 16 қыркүйегі мен 23 қыркүйегі аралығында 10,11-сынып оқушылары Талдықорған қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министірлігі Әскери –техникалық мектебі Талдықорған филиалының «Әскери даңқ» мұражайымен танысты. Іс-шара Ұлы Отан және Ауған соғысына қатысқан жерлестеріміздің өмірбаяны мен жасаған ерліктері туралы ақпараттармен таныстыру мақсатында өткізілді. Білім беру жүйесінде басты назар аударатын тәрбие салаларының бірі отансүйгіштік тәрбие. Ұлттық дәстүрге берік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру өмір талабынан туындап отыр. Қазіргі таңда біздің қоғамда «қазақстандық отансүйгіштік» ұғымына зор мән берілуде. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық ұялатады. Отансүйгіштік – қасиетті ұғым. Әрбір адам Отанын өзі тануы тиіс. Бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы мен дамуының обьективті шарттарының бірі – ол осы қазақстандық патриотизм. Елдік, бірлік, халықтық қасиет-қазыналарды қастерлеу мен ертеңге деген берік сенім сияқты сезімдерді оятатын да осы отансүйгіштік. Мемлекетіміздің келешек тұтқасын ұстайтын жастарды осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеу басты борышымыз.
