18
сентябрь
2024
"Бала тәрбиесі - басты міндет" бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді
Бүгін лицейде "Бала тәрбиесі - басты міндет" бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағатына "Жетісу Дарыны" орталығының директоры Жумагельдина Сандуғаш Әмірғалиқызы, ардагер ұстаз Абдрахманова Айтхан Солтанқызы және лицей түлегі Усманов Ислам қатысты. 9 және 10 сыныптарда өткізілген тәрбие сағатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалып, "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының алты құндылығын жүзеге асыру жолдары қарастырылды.