Жетсу облысы білім басқармасының
«Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
8(7282)24-66-13
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
8(7282)24-66-13
Нашар көрушілір
нұсқасы
11
март
2022

Наурыз ҰБТ


2022 жылғы 1-31 наурыз аралығында өткізілетін Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру туралы



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы
 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және «Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру» 
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) өткізу үшін ҰБТ өткізу пункттерінің (бұдан әрі – ҰБТӨП) тізбесі анықталсын.

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары, ҰБТӨП бойынша өңірлік мемлекеттік комиссиялар құрамына кандидатуралар тізімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) 2022 жылғы 22 ақпанға дейін осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес электронды нұсқада ұсынсын.

3. Ұлттық тестілеу орталығы:

1) ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін; 

2) Қағидаларда бекітілген  тәртіпке сәйкес ҰБТ-ға өтініштерді қабылдауды ұйымдастырсын және ҰБТ-ға қатысушылардың деректер базасын қалыптастырсын; 

3) ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейін ҰБТ өткізу пункттерінің тестілеуге дайындығын тексерсін және тексеру қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ақпарат ұсынсын.

4) 2022 жылғы 25 ақпанға дейін Министрлікке: 

өңірлік  мемлекеттік комиссиялар құрамына кандидаттар тізімін;

тестілеу әкімшілеріне кандидаттардың тізімін;

«Адалдық алаңы» жобалық офисінің мүшелерінен және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Арнайы мониторингтік тобының өкілдерінен тұратын кандидаттар тізімін;

Республикалық апелляциялық комиссияның құрамына кандидаттардың тізімін бекітуге ұсынсын;

5) санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың сақталуы бойынша жоспарды әзірлесін;

6) тестіленушілерді Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы отырғызуды жүзеге асырсын.

4. ЖЖОКБҰ-ның, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының басшылары  2022-2023 оқу жылына жоғары оқу орнына оқуға түсу рәсімі бойынша түсушілерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін. 

5. ҰБТ-ның аудиторлық қорын қамтамасыз ету бойынша электрондық форматта ҰБТ-ны өткізуге жауапты ұйым төмендегі іс-шараларды жүзеге асырсын:

1) тестіленушілердің және басқа да жұмылдырылған тұлғалардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі санитарлық-профилактикалық ережелерге сәйкес баррикадалық ленталармен, бактерицидті шамдар және (немесе) ауаны қайта айналдырушымен, тепловизорлармен, антисептикалық сұйықтықтармен, санитайзерлермен, аяқ-киімдерге арналған зарарсыздандыру кілемшелерімен, медициналық маскалармен, қолданылған маскаларға арналған жәшіктермен, ауыз сумен, бір реттік стакандармен, едендік су диспенсерлерімен қамтамасыз ету;

2) тестілеу барысын бақылау үшін аудиториялар мен аудиторияларға кіреберістерді бейнебақылау жүйесімен, тестілеуге тыйым салынған  заттарды алып кіруді болдырмау үшін металліздегіштермен, ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдармен, тестілеуге бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін тұлғаларды тану (Face ID) жүйесімен  қамтамасыз ету;

3) ұялы байланыс сигналдарын өшіретін құралдардың  электромагниттік өрісін өлшеу жұмыстарының хаттамасын алуды ұйымдастыру;

4) компьютерлермен және деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с басталатын Интернет байланыс арналарымен қамтамасыз ету;

5) деректерді беру жылдамдығы 1 Гбит/с қолдайтын құрылымдық кабельдік жүйені қамтамасыз ету;

6) ағымдағы жылғы 25 ақпанға дейін Ұлттық тестілеу орталығына «Тестілеу өткізуге ҰБТ өткізу пункттерінің дайындығы туралы актіні» осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беру; 

7) тестілеу процесінің бейне жазбаларының қолжетімді болуын, барлық лектер бойынша тестілеу барысының толық бейнежазбаларының сақталуын және Ұлттық тестілеу орталығына уақытылы ұсынуды қамтамасыз ету;

8) фронтальды камералармен қамтамыз ету;

9) онлайн прокторинг жүйесімен қамтамасыз ету;

10) тестілеу өткізу барысында онлайн трансляцияны қамтамасыз ету.

6. Өңірлік мемлекеттік комиссиялар атқаратын іс-шаралар тізбесі төмендегідей бекітілсін:

1) тестілеуге кіргізу, сондай-ақ тестілеуді өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету;

2) ҰБТ өткізу пунктеріндегі санитарлық-профилактикалық шаралардың сақталуы бойынша жоспарды жергілікті жердегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігермен келісу;

3) ҰБТ өткізу барысында медициналық қызметкерлерлердің және психологтардың жұмысын  ұйымдастыру; 

4) көру қабілеті, тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер мен мүгедек балалар үшін мүгедектігі туралы белгіленген құжатты ұсынған жағдайда ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пән педагогі болып табылмайтын немесе ымдау тілін меңгерген маман беруді ұйымдастыруды қамтамасыз ету

7. Министрліктің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті тестілеу өткізу кезеңінде ҰБТ бақылаушылар құрамына енгізу үшін кандидатуралардың тізімін 2022 жылғы 25 ақпанға дейін Ұлттық тестілеу орталығына ұсынсын.

8. Министрліктің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті, Министрліктің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті осы бұйрықты ЖЖОКБҰ-лардың және облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының назарына жеткізсін. 

9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне  жүктелсін.

10. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



           Қазақстан Республикасының 

           Білім және ғылым министрі                                            А. Аймағамбетов



Похожие публикации:

06 ноябрь 2020 Құттықтаймыз!
17 апрель 2019 ҰБТ
05 апрель 2019 ҰБТ
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив