«Тоғыз айға 9 іс-шара» жобасы аясында
Бүгін 8 қыркүйек күні Республикамыздың барлық білім мекемелерінде «Сергіту сәті» челенджі өтуде. Лицей оқушылары «Тоғыз айға 9 іс-шара» жобасы аясында өткізілген «Сергіту сәті» челенджіне белсенділікпен қатысты. 5-9 сыныптарда 9 «Б» сынып оқушылары Шербоева Саида, Серікқызы Адэлина, Аямбеков Мират, 10-11 сыныптарда 10 «Б» сынып оқушылары Кайратов Алан, Арманұлы Амирали, Әмірғали Амина дене сергіту жаттығуларын ұйымдастыруға ат салысты. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!